Ажар Ғиният неге ресейлік вакцинаны қабылдағанын айтты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ажар Ғиният неге ресейлік вакцинаны қабылдағанын айтты
ашық дереккөз

“Қазіргі уақытта қолданыста ресейлік вакцина болып тұр. Сондықтан осы мүмкіндікті пайдаланып, ресейлік екпені алдым. Жалпы, біз барлық медицина қызметкерлерін қорғағымыз келеді. Бүгіннен бастап барлық стационарларда, жансақтау бөлімдерінде, ауруханалардың қабылдау бөлімдерінде, жедел жәрдем станцияларында, алғашқы көмек көрсететін емханаларда, амбулаторияларда жұмыс істейтін әріптестеріміз де осы вакцинаны қабылдайтын болады. Өйткені бір жыл бойы күресіп келе жатқан осы соғыстағы сарбаздар - тек медицина қызметкерлері. Сондықтан оларды қорғауымыз керек”, - деді вице-министр.

Сонымен қатар ол барлық жұртшылықты вакцина қабылдауға шақырды.