Денсаулық сақтау вице-министрлері вакцина қабылдады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Денсаулық сақтау вице-министрлері вакцина қабылдады
ашық дереккөз

Екпені бірінші болып Ерлан Қиясов алды. Одан кейін вакцина Ажар Ғиниятқа егілді. Вакцинация процесі журналистердің көз алдында жүргізілді. Медбике вакцинаны БАҚ өкілдерінің көзінше тоңазытқыштан алып шықты. Екпе егілгеннен кейін вице-министрлерге бейджик тағылып, 30 минутқа бөлек кабинетке оқшауланды. Айтуларынша, олар өздерін жақсы сезінді. Бас айналу болған жоқ.