Сеулде Қазақстан азаматтары да қатысатын екі бірдей байқау жарияланды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сеулде Қазақстан азаматтары да қатысатын екі бірдей байқау жарияланды
ашық дереккөз

Бірі ән айту, екіншісі фото сайыс. Іс-шаралар әз-Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылып отыр. «Наурыз дауысы» жобасының жеңімпаздарына 900 долларға дейін сыйақы беріледі. Ән байқауына жеке және топтық жұмыстар жолдауға болады. Корея Республикасының азаматтары әнді қазақша айтса, ал Қазақстан азаматтары корей тілінде орындауы керек. Бейнероликтің ұзақтығы – 30 секунд. Дыбыс үдеткіштер қолданып, дауысты өзгертуге болмайды",- дейді ұйымдастырушылар. Фотосуреттер байқауының бас жүлдесіне 1800 доллар тігілген. Қатысушылар наурыз тақырыбына қатысты туындысын жолдауы тиіс. Жеңімпаздың жұмысы Сеулдегі фотокөрмеге ұсынылады. Үміткерлер еңбектерін 22 ақпанға дейін Корея-Орталық Азия ынтымақтастық форумының хатшылығы электрондық поштасына жолдайды. "Наурыз – шығыс халықтарына ортақ Жаңа жыл мерекесі. Хатшылығымыз Корея мен Орталық Азия елдері арасындағы достықты және тығыз ынтымақтастықты сақтау үшін құрылған. Сондықтан оңтүстіккореялықтарға Наурыз мерекесін таныстыруды жоспарлап отырмыз. Фотосурет пен ән байқауын мұндағы мамандар жақсы бағалайды" - деді Корея – Орталық Азия» ынтымақтастық форумы хатшылығы бас директорының орынбасары Пак Санг Бэ