Қазақстандық теннисшілердің Мельбурндағы қарсыластары анықталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандық теннисшілердің Мельбурндағы қарсыластары анықталды
ашық дереккөз

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик ATP 250 Great Ocean Road Open турниріндегі жарыс жолын екінші айналымнан бастайды, Кристофер О'Коннелл (Австралия) / Доминик Кепфер (Германия) жұбының жеңімпазы оның қарсыласы болады. Сонымен қатар, Александр Андрей Голубевпен бірге жұптасып өнер көрсетеді. Мельбурнде өтетін екінші ATP 250 Murray River Open турнирде Михаил Кукушкин аргентиналық Хуан Игнасио Лондеромен шеберлік сынасады.