Қазақстанға Мысыр мен БАӘ-ден ұшып келген үш жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстанға Мысыр мен БАӘ-ден ұшып келген үш жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112400449172544.webp)
ашық дереккөз
«29 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, РФ және Беларусь Республикасынан 12 халықаралық әуе рейсі келді. 1 453 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 217 адам, анықтамасыз 236 ҚР азаматы келді», делінген хабарламада.
Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 688 жолаушы, анықтамамен - 624; анықтамасыз - 64; Алматы қаласының әуежайына – 4 рейс, 740 жолаушы, анықтамамен - 568, анықтамасыз - 172; Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 25 жолаушы анықтамамен келді. Анықтамасы жоқ Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР тест тапсырады және карантин стационарында сынама нәтижесін күтеді. «28 қаңтарда анықтамасыз келген 433 ҚР азаматының ПТР талдау нәтижесі бойынша 3 жолаушыдан коронавирус инфекция анықталды. Олардың ішінде 2 жолаушы Дубай – Нұр-Сұлтан рейсімен, бір жолаушы Шарм-ел-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген», делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар