Қорғаныс және Төтенше жағдай министрлері бірқатар маңызды жобаларды пысықтады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қорғаныс және Төтенше жағдай министрлері бірқатар маңызды жобаларды пысықтады
ашық дереккөз

Министрлер төтенше жағдайдың алдын алу және жою бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесуде, сонымен қатар ТЖ жоюға байланысты міндеттерді жедел шешу үшін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың қаупі және оның туындауы кезінде ҚР Қарулы Күштерін қолдану алгоритмін әзірлеу туралы мәселе қаралды. ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде дағдарыс жағдайларында жедел әрекет ету және басқару тактикасы бойынша толық білім алу үшін ТЖМ басқару органдарының басшы және ғылыми-педагогикалық құрамын оқыту мәселелері сөз болып, Ұлттық қорғаныс университеті базасында “Азматтық қорғау" кафедрасын құру мәселесі талқыланды. Оның қызметіне ТЖМ мамандары тартылатын болады. Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарында радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау, сондай-ақ байланысты ұйымдастыру мамандығы бойынша құтқарушыларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жоспарда бар. Өз кезегінде ТЖМ Қарулы Күштердің өртке қарсы қызметі әскери қызметшілерін ТЖМ Көкшетау техникалық институтында курстық даярлықтан өткізуді қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.