Коронавирустың екінші толқынына дайынбыз – Зәуреш Смағұлова
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
«Коронавирус инфекциясында жазғы маусымдағы кезеңмен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріс жоқ. Әрине, қазіргі уақытта басқа да респираторлық аурулар пайда болған кез. Бірақ әр аурудың өзінің нақты белгілері болады. Бұл тұрғыда талдау нәтижелеріне сәйкес, тәжірибелі дәрігерге аурулардың нақты түрін анықтау қиын емес. Зертханалық диагностиканың көмегімен науқастың тұмау немесе коронавирус және басқа да қандай вирус жұқтырғанын нақты анықтауға мүмкіндік бар. Дәрігер ретінде айтатын болсам, біз қазіргі уақытта коронавирустың екінші толқынына дайынбыз. Екінші толқын болмайды деп те үміттенеміз. Бірақ оны уақыт көрсетеді», - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар