Жан-Клод Ван Даммның бұрынғы және қазіргі табысы қанша
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Жан-Клод Ван Даммның бұрынғы және қазіргі табысы қанша](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112402540091752.webp)
сайтынның мәліметіне сүйенсек, 1991-1995 жылдар аралығында Ван Дамм салық төлегенге дейін шамамен 40 млн доллар жалақы алыпты. Бұл бүгінгі доллар курсымен 70 млн доллармен бірдей.
"Жан-Клод Ван Даммның қазіргі таңдағы жалақысы жылына 5 млн доллар болса, айына – 416 666,67 доллар, аптасына – 96 153,85 доллар (күніне – $13,698.63; сағатына – $570.78; минутына – $9.51; секундына – $0.16)", - делінген ақпаратта.
Кино жұлдызының 2019 жылғы таза пайдасы 30 млн долларды құраған.
Ван Дамм Дольф Лундгреннен көбірек ақша тапса да, оның табысы 1980 жылдардағы көптеген актерлерге қарағанда төмен.
Айта кетсек, Ван Дамм – актердің кәсіби аты. Оның азан шақырылып қойылған есімі – Жан-Клод Камиль Франсуа Ван Варенберг. Ол 1960 жылы 18 ақпанда Бельгияның астанасы Брюссельдің Беркем-Сент-Агат ауданында дүниеге келген.
10 жасынан бастап каратэге қатыса бастаған. Сонымен қатар кикбокс пен муай-тай спорт түрлерімен де айналысқан. Каратэден қара белбеу иегері, Еуропа чемпионы, үш дүркін әлем чемпионы атанған. Жалпы, каратэ мен кикбокстан 55 рет жекпе-жекке шығып, оның 53-інде жеңіске жеткен. 2 рет төрешілердің шешімімен жеңіліс тапқан. 53 жеңістің 50-ін нокаутпен жеңіпті. Одан кейін Ван Дамм қимыл-қозғалысы әдемі болуы үшін балет биіне де қатысқан. Өзінің айтуынша, ол айналысқан спорт түрлерінің ең ауыры осы балет биі болыпты.
«Балет биі өте ауыр екен. Егер балет биінің жаттығуына шыдаса, ол адам өмірдегі барлық қиындыққа төтеп береді», - деген екен бір сұхбатында JCVD.
[caption id="attachment_61260" align="alignnone" width="696"] Фото: funart.pro[/caption]
Балет биінен кейін Ван Дамм бодибилдинг спортымен айналысып, өзінің бұлшық еттерін бұлтыңдатып, дене бітімінің әдемілігіне мән берген. Оның осындай спорт түрлерімен айналысуы кино жұлдызы болуына үлкен септігі тиген. Алғаш рет 1979 жылы кино әлеміне қосалқы рөлмен қадам басқан Жан-Клод Ван Дамм сол кездің өзінде кино арқылы әлемге танылған Чак Норриспен танысқаннан кейін бағы жанған.
«Қанды спорт», «Әмбебап сарбаз» сынды көптеген танымал фильмнің басты рөлі арқылы жұрттың көзайымына айналған Жан-Клод Ван Дамм кейінгі жылдары көгілдір экраннан сирек көрінетін болды. Дегенмен ол Instagram әлеуметтік желісін белсенді түрде пайдаланады (5,5 млн тіркелушісі бар). 60 жастан асса да, актер өзін жақсы сезінетінін айтады. Әлеуметтік желіде спорт залда жүрген бейнежазбаларын жиі жариялайды.
Кей жылдары Ван Даммның фильмдерінің деңгейі төмендеп, оның біраз уақыт нашақорлыққа салынғаны туралы ақпарат тарады. Алайда аты аңызға айналған актердің кино тарихында мәңгі жасайтыны сөзсіз.