Қазақстанда 5 жылда жарты миллион қалдық қайта өңделді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстанда 5 жылда жарты миллион қалдық қайта өңделді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/1721124597634309.webp)
Тозған шиналарды жинау және қайта өңдеу ісінде өсу нәтижесі бар. Мысалы, бүгінге дейін 102,743 тонна шина қайта өңделген. Сол сияқты 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі 9 ай ішінде 215 243 тонна қаптама қалдықтары жиналып, қайта өңдеуден өтіпті.
[caption id="attachment_61066" align="alignnone" width="696"] Фото "ӨКМ Операторы" ЖШС баспасөз қызметінен[/caption]
Ал 165 мыңнан аса ескі көлік кәдеге жаратуға қабылданған. Тозығы жеткен көлігін тапсырған қазақстандықтарға 18,4 млрд теңге қаражат төленіпті. Қалдықтарды жинау және оны кәдеге жарату ісімен айналысатын кәсіпкерлерге 14,7 млрд теңге өтемақы берілген. Оның ішінде қаптама қалдықтарына – 2,5 млрд теңге, автокомпоненттер, яғни шиналар, майлар, АКБ бойынша – 11,5 млрд теңге төленген.
«Мамандандырылған кәсіпорындарға қаржылай қолдау көрсету саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік берді. 56 жаңа мамандандырылған кәсіпорын ашылды. Нәтижесінде 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Биылғы жылы ӨКМ Операторы мамандандырылған кәсіпорындарды қаржыландырудың «EсoQoldaý» жаңа моделін енгізді. Кәсіпкерге қойылатын талаптар жеңілдетілді. Қажетті құжаттар тізбесі қысқартылып, салалық бизнеске өтемақы мөлшері ұлғайтылды. Өтінім беру және есептік құжаттарды ұсыну процесі автоматтандырылды. Осы модельді енгізу қайталама шикізатты жинау географиясын кеңейтуге, қаптама қалдықтарын жинау және кәдеге жарату көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. «EсoQoldaý» жобасы аясында ӨКМ Операторы салалық бизнеске 10 млрд 860 млн теңге бөлуді жоспарлап отыр», - деді "ӨКМ Операторы" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев.
[caption id="attachment_61067" align="alignnone" width="696"]
Фото "ӨКМ Операторы" ЖШС баспасөз қызметінен[/caption]
Оператор Ақтөбе, Өскемен және Семей қалаларында ҚТҚ бөлек жинау инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Үш қала үшін қазірдің өзінде 18 қоқыс тасушы және қайталама шикізатты жинауға арналған 4 300 контейнер сатып алынуда. Сондай-ақ жыл соңына дейін үш бірдей заманауи сұрыптау желісі іске қосылмақ.
«Өңірде ҚТҚ-ны бөлек жинау үш фракция бойынша жүзеге асырылатын болады. Мысалы, «жеңіл» және «ауыр», «дымқыл». «Жеңіл» – пластик, қағаз, металл сияқты қайта өңделетін қайталама шикізат, «ауыр» – бұл шыны, ал «дымқыл» – қайта өңделмеген қалдықтар, яғни тамақ қалдықтары. Қазіргі уақытта Ақтау, Павлодар, Екібастұз қалаларында және Алматы облысында қалдықты бөлек жиынауды енгізу мәселе пысықталуда», - деді Медет Құмарғалиев.
[caption id="attachment_61068" align="alignnone" width="696"]
Фото "ӨКМ Операторы" ЖШС баспасөз қызметінен[/caption]
Айта кетсек, елордаға қалдықты сұрыптап тастау жобасы екі жыл бұрын қолға алынып, тұрғын үйлердің маңына сары және жасыл контейнерлер қойылған болатын. Сары контейнерге қағаз, металл сияқты құрғақ қалдықтар тасталса, жасыл контейнерлерге тағам қалдықтары сияқты органикалық заттар салынады. Нәтижесінде қала сыртындағы полигонда қалдықты сұрыптағанда қайта өңдеуге арналған тұрмыстық қалдықтардың үлесі көбірек болады.
Жалпы, астанада тұрғын үйлердің жанынан бұрынғы темір контейнерлер алынып, олардың орнына контейнерлер жерге қазылып орнатылған. Оның пайдасы жел соққанда полиэтиленнен жасалған дорбалар аулаға ұшпайды әрі жағымсыз иіс те ауаға тарамайды. Тұрмыстық қалдықты полигонға тасымалдайтын компания мамандары жерге қазылып орнатылған контейнерлерден қалдық салынған дорбаларды күнделікті тазартып отырады.