Мемлекеттік хатшының төрағалығымен кеңес өтті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Мемлекеттік хатшының төрағалығымен кеңес өтті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112451141083512.webp)
Бейне конференцбайланыс форматында ұйымдастырылған кеңеске құқық қорғау органдарының басшылары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері, ҚР Президенті Әкімшілігі жанындағы жұмыс тобының мүшелері қатысты. Кеңес барысында ғалымдар мен сарапшылардың архивтер мен жабық қорлардағы зерттеу жұмыстары, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның қызметін сүйемелдеу жөніндегі жобалық офистің қызметін ұйымдастыру мәселесі қаралды. Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарға «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» ҚР Президенті Жарлығының міндеттерін жан-жақты іске асыруды қамтамасыз ететін ұйымдастыру-техникалық және зерттеу іс-шаралары кешенін өткізу туралы бірқатар тапсырмалар берілді.