«Астана Опера» театры ақпан айындағы репертуарын жариялады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Астана Опера» театры ақпан айындағы репертуарын жариялады
ашық дереккөз

2 ақпан күні сағат 19.00-де «Қазақквартет шақырады» топтамасынан «Бела Бартокты ту етіп» концерті өтеді. Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті концерттерінің жаңа сериясы биыл әлемдік музыка қауымдастығы 140 жылдығын атап өтіп жатқан венгр композиторлар мектебінің ірі өкілдерінің бірі Бела Бартокка арналған. Бағдарламада – Й.Гайднның Ішекті аспаптар квартеті, ор.20 №1, ми-бемоль мажор және Б.Бартоктың №5 ішекті аспаптар квартеті. Кеш аясында заманауи қазақстандық композитор Артық Тоқсанбаевтың Тәттімбет күйлері тақырыбына арналған туындысы – Respect to you Mr. Tattimbet ішекті аспаптар квартетінің премьерасы орын алмақ. Ішекті аспаптар квартетінің құрамы: Айдар Тоқталиев (1-ші скрипка), Алексей Лебедев (2-ші скрипка), Бекзат Сайлаубайұлы (альт), көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев (виолончель). 5 ақпан күні сағат 19.00-де «Ұлы есімдер» топтамасынан симфониялық музыка концертінде жұртшылық назарына «Астана Опера» солистері мен симфониялық оркестрдің орындауында Йозеф Гайдн мен Людвиг ван Бетховеннің шығармалары ұсынылмақ, дирижер – Рақымжан Баспаев. Вена мектебі композиторлары шығармашылығының өзіндік интерпретациясын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Дәулет Шәкіров (виолончель), Дамиля Махпирова (гобой), халықаралық байқаулардың лауреаттары Әнел Шәкірова (скрипка) және Рақымжан Баспаев (фортепиано) ұсынады. Й.Гайднның Симфония до мажор («Балаларға арналған»), Оркестр мен гобойға арналған концерті, до мажор, № 45 симфония, фа-диез минор «Қоштасу», Л.ван Бетховеннің №14 сонатасы, ор.27 до-диез минор, Фортепиано, скрипка және виолончельге арналған үштік концерті, до мажор, ор.56 шығармалары шырқалады. 7 ақпан сағат 17.00-де театрдың опера солистері мен оркестр әртістері «Романс сиқыры» топтамасынан «Камин жанындағы кеш» концертінде өнер көрсетеді. Айзада Қапонова («Құрмет» орденінің кавалері), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жамиля Джаркимбаева, халықаралық байқаулардың лауреаттары Галина Чеплакова, Елена Ганжа, Әсем Сембина (сопрано), Гүлжанат Сапақова, Татьяна Вицинская (меццо-сопрано), Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шахимардан Әбілов (баритон), әнші Майра Дәулетбек, Балжан Сапарова (флейта), Мағруфа Мұқажанова (арфа) және ішекті аспаптар квартеті құрамында: П.Чайковский атындағы Х халықаралық жасөспірімдер байқауының лауреаты Ақбике Алғи (1-ші скрипка), халықаралық байқауларың лауреаттары Индира Нұрлыбай (2-ші скрипка), Леонид Мысовский (альт), Ажар Қадырова (виолончель) тыңдарман қауымға романтикалық көңіл-күй сыйламақ. Фортепиано партиясында – халықаралық байқаулардың лауреаты Раушан Бескембирова. «Астана Опера» Камералық залында Ж.Оффенбах, А.Дворжак, Э.Элгар, П.Чайковский, Н.Римский-Корсаков, А.Рубинштейн, С.Рахманинов, А.Глазуновтың романстары, әндері және аспаптық шығармалары, сонымен қатар бұлармен үндес жалынды поэзия шумақтары орындалады. 9 ақпан сағат 19.00-де Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов «Людвиг ван Бетховеннің барлық сонаталары» топтамасынан екінші кешті ұсынады. «Музыка құдайы қоныстанған opus…» концертінде фортепиано партиясын халықаралық байқаулардың лауреаты Салтанат Әбілханова орындайды. Бағдарламаға Л.ван Бетховеннің Скрипка мен фортепианоға арналған №2 сонатасы, ля мажор, op. 12/2, Скрипка мен фортепианоға арналған №4 сонатасы, ля минор, op. 23, Скрипка мен фортепианоға арналған №6 сонатасы, ля мажор, ор. 30 №1 енді. Салтанат Әбілхановамен бірге топтама аясында «Астана Опера» симфониялық оркестрінің бірінші скрипкасы, солисі әрі концертмейстері Бағдат Әбілханов ұлы неміс композиторының скрипка мен фортепианоға арнап шығарған барлық 10 сонатасын орындайды. 12 ақпан сағат 19.00-де және 13 ақпан сағат 17.00-де елордалық театрсүйер қауымды Гаэтано Доницеттидің атақты «Дон Паскуале» комедиялық операсының жарқын қойылымы күтеді. 13 ақпан күні Дәрігер Малатестаның партиясында театрдың Камералық зал сахнасының төріне алғаш рет Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов шығады, бір күн бұрын бұл образды Ержан Саипов сомдайды. Дон Паскуале – Евгений Чайников, Шыңғыс Расылхан, Норина – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Салтанат Ахметова, Эрнесто – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жан Тапин, Нарұл Тойкенов, Карлито – Ерұлан Кәмел, Руслан Совет. Спектакль «Piccolo» камералық театры жобасы аясында жүзеге асырылды. «Астана Опера» симфониялық оркестрі, хоры және мимансы. Қоюшы дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин, қойылымның көркемдік жетекшісі – Алла Симонишвили, сценограф және костюмдер бойынша суретші – Манана Гуниа, режиссер – Еренбақ Тойкенов. Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов, қоюшы дирижердің ассистенті – Руслан Баймурзин. Концертмейстерлер – Елена Сахно, Ирина Кургузкина, Жанар Ахметова, Меруерт Жекенова, Жаңыл Рақымбекова. 16 ақпан сағат 19.00-де тыңдарман назарына Тек MOZART! атты вокалдық-симфониялық музыка концерті ұсынылады. Осы кеште ұлы австриялық композитор В.А.Моцарттың туындылары, атап айтқанда, «Фигароның үйлену тойы» операсынан увертюра мен граф Альмавиваның ариясы, №28 симфония, до мажор, KV200 және Скрипка мен оркестрге арналған №4 концерт, ре мажор KV218 орындалады. Халықаралық байқаулардың лауреаты, Зальцбургтегі Моцартеум университетінің студенті Ақбике Алғи (скрипка), опера солисі Ержан Саипов (баритон) және Руслан Баймурзиннің жетекшілігімен «Астана Опера» симфониялық оркестрінің орындауында кемеңгер классиктің шығармалары шырқалады. 19 ақпан сағат 19.00-де «Глинкадан бастап Свиридовқа дейін – махаббатпен» атты романс кеші өтеді. «Астана Операның» Камералық залы сахнасына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов (баритон), халықаралық байқаулардың лауреаты Елена Ганжа (сопрано), Ажар Қадырова (виолончель) және Алтынғаным Ахметованың жетекшілігімен «Астана Опера» театрының балалар хоры шығады. Фортепиано партиясында – Меруерт Жекенова. Елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына танымал композиторлар М.Глинка, А.Даргомыжский, М.Балакирев, Ц.Кюи, Н.Римский-Корсаков, П.Чайковский, Д.Шостакович, Г.Свиридовтың романстары ұсынылады. 20 ақпан сағат 12.00-де «Театрға саяхат» топтамасынан балаларға арналған «Үрлемелі және соқпалы аспаптар отбасы» концерті өтеді. Дирижер Руслан Баймурзиннің жетекшілігімен үрлемелі аспаптар оркестрі және музыкатанушы Маржан Жәкенова балаларды әрбір аспаппен, олардың дыбысталуымен қызықты түрде таныстырады. Жас көрермендер үрлемелі аспаптар оркестрінің музыкасынан ләззат алу мүмкіндігіне ие болмақ. 26 ақпан сағат 19.00-де «Үрлемелі аспаптар саяхаты» концертінде үрлемелі ансамбльге арналған трио мен квартеттер, сондай-ақ камералық музыка шырқалады – Е.Брусиловскийдің «Гәкку», Ф.Допплердің Екі флейта мен фортепианоға арналған венгр тақырыптарына дуэттиносы, Г.Форенің «Долли» сюитасы, ор.56, А.Рубцовтың «Үш көңіл-күй», Ш.Гуноның Үрлемелі аспаптарға арналған шағын симфониясы, А.Дворжактың Серенадасы, ор.44 орындалады. Концертті Қазақ Ұлттық өнер университетінің дарынды балаларға арналған мектебінің бірінші сынып оқушысы, жас әртіс Тоты Қабдылахмет (блок-флейта) ашады. Кешті одан әрі жоғары дәрежелі кәсіби мамандар – «Астана Опера» симфониялық оркестрінің музыканттары, сондай-ақ ҚазҰӨУ ұстаздары мен профессорлары: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерхат Нұрғалиев, Аружан Төреханова, Нина Григорьева, Лилия Сейтмулина, Әйгерім Дәуітбаева, Диана Асқарова, Роза Солтыханова, Жанар Жылтыркөзова (флейталар), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дамиля Махпирова, Лилия Әбдірахманова, Нұргүл Сапарова (гобойлар), Алмас Тоқпанов, Дәулет Сейдахметов, Зарина Аппазова (кларнеттер), Әсет Нелдібаев, Владимир Ардашев, Сейфул Далишев, Шернияз Назаров (фаготтар), Ерлан Жәкенов, Қалқаман Дүйсенбаев, Дулат Кеңес, Жанат Жақаев (валторналар), Бақытжан Жантұрғанов (виолончель), Әділ Сатыбалдинов (контрабас), Любовь Глинка, Ольга Чечнева (фортепиано), QazaQ quintet жалғастырады.