Коронавирусқа қарсы вакцинация ең алдымен дәрігерлерге жүргізіледі – вице-министр
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Коронавирусқа қарсы вакцинация ең алдымен дәрігерлерге жүргізіледі – вице-министр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211245297251937.webp)
ашық дереккөз
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда ақпан айынан бастап коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жүргізіле бастайды. Вакцинация кезең-кезеңмен жас жағынан әртүрлі топтарға вакцинаның әкелуіне байланысты жүргізіледі. Дегенмен вакцинация ең алдымен медицина қызметкерлерінен басталады. Соның ішінде инфекциялық стационарлар мен жедел жәрдем станцияларының мамандары және басқа да науқастармен үнемі байланыста болатын, сонымен қатар вирусты тасымалдаушы болатын бірден-бір қызметкерлер қамтылады. Педагогтар, күш құрылымдарының қызметкерлері, студенттер мен басқа да топтар мамыр айынан бастап вакцинаның жеткізілуіне қарай екпе қабылдайтын болады. Жалпы, вакцинация жыл соңына дейін 6 миллион адамға жүргізіледі деп жоспарланып отыр», - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар