ЕУРО-2022: Футзалдан Израиль-Қазақстан ойыны кейінге шегерілді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ЕУРО-2022: Футзалдан Израиль-Қазақстан ойыны кейінге шегерілді
ашық дереккөз

Ойын 28 қаңтарда Ришон-ле-Цион қаласында өтуі тиіс еді. Израиль мен Қазақстан құрамалары арасындағы футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатының 5-тобындағы іріктеу кезеңінің ойыны Израильде 26-31 қаңтар аралығында коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында халықаралық рейстердің жабылуына байланысты кейінге қалдырылды. Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) екі құрама арасындағы ойынның мерзімін кейін белгілейді.