Қазақстандық жолшылар IRAP халықаралық бағдарламасының сарапшылары атанды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстандық жолшылар IRAP халықаралық бағдарламасының сарапшылары атанды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112459241364127.webp)
Осылайша, қазақстандық жолшылар өздерінің біліктілігін жолдарды бағалаудың халықаралық жүйесіне бейімдеп, кәсіби деңгейлерін әлемдік тенденцияларға сәйкес жоғарылатты. Аталған сертификат отандық мамандарға халықаралық бағдарламалар бойынша жол қауіпсіздігін бағалауға техникалық сарапшы ретінде қатысуға мүмкіндік беріп, оқыту кезінде алған білімнің сәйкестігін растайды. Сертификатқа ие мамандар Қазақстанның бүкіл жол желісін қауіпсіздік деңгейіне сәйкестендіріп 5 балдық жүйе бойынша бағалауда. Олар зерттелген жол учаскелеріндегі қауіпті аймақтарды анықтап, жол-көлік оқиғалары қаупін барынша азайту үшін инвестициялық жоспар жасайды. Бүгінге дейін сарапшылар халықаралық кеңесшілермен бірлесіп, еліміздегі республикалық автомобиль жолдары желісінің 5 000 шақырымын және қалалық жолдардың 1 000 шақырымын зерттеді. Ал соңғы 6 жылда 137 мемлекеттен 28 000 маман осындай сәйкестендіру сертифкатын алған екен. Еске сала кетейік, IRAP жүйесін енгізу жөніндегі жоба Дүниежүзілік банктің қолдауымен және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің бастамасымен жүзеге асырылды.