МӘМС: 2020 жылы Республикалық диагностика орталығында 15 мың пациентке қызмет көрсетілді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![МӘМС: 2020 жылы Республикалық диагностика орталығында 15 мың пациентке қызмет көрсетілді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112458911473901.webp)
2020 жылы Республикалық диагностика орталығында МӘМС жүйесі бойынша 15 054 пациент жоғары білікті консультация, ем алып, диагностикадан өтті. Оның ішінде: 342 - ПЭТ диагностикадан өтті; 266 - амбулаторлық хирургиялық жағдай; 7 903 пациент диагностикадан өтті; 3 606 – зертханалық талдаулар; 2 937 - КТ, МРТ, УДЗ, рентген. Ал ТМККК бойынша 5 358 пациент, оның ішінде: 1 734 - ПЭТ диагностикадан өтті; 10 - амбулаторлық хирургиялық жағдай; 1 847 пациент диагностикадан өтті; 1 302 – зертханалық талдаулар; 465 - КТ, МРТ, УДЗ, рентген. «Егер емханада пациентке бір зертханаға сараптамаға жолдама берілсе, бірақ ол оны үйіне немесе жұмысына жақын орналасқан емханаға тапсырғысы келсе, оның оған құқығы бар. Қызметті алғаннан кейін Қордың төлем жүйесінде бірлесіп орындау шарты автоматты түрде жасалады. Басты шарт – медициналық ұйым ӘМСҚ дерекқорында болуы және әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша қызметтер көрсетуі тиіс. Жеткізушілердің бұл тізбесін Қордың сайтынан көруге болады. Консультативтік-диагностикалық көмекке бейінді мамандардың (кардиологтар, эндокринологтар, ЛОР, окулисттер, т.б.) қабылдаулары, зертханалық талдаулар (қанның биохимиялық талдауы, иммуноферментті талдау, антиденелерді анықтау, т.б.), диагностикалық қызметтер (эндоскопиялық зерттеулер, электроэнцефалография, эхокардиография, рентген, УДЗ, МРТ, КТ, т.б.) жатады», - дейді ӘМСҚ елордалық филиалының сарапшылары. Мамандардың айтуынша, тұрғындар қажеттілігінің өсуін және елдегі эпидемиялық жағдайды ескере отырып, ӘМСҚ 2021 жылға медициналық қызметтерді сатып алу көлемін көбейтті. Сақтандырылған тұрғындар үшін мамандандырылған медициналық көмектің, оның ішінде құны қымбат жоғары технологиялық медициналық қызметтердің көлемі артты.