Жаңа заң азаматтардың құқықтарын қорғауға зор мүмкіндік береді - Жоғарғы Сот
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
«Мемлекеттен алған жер учаске немесе тұрғын үйіңізді мемлекет қайтарып алған жағдайда және мемлекет тарапынан төлемақылар тоқтатылған, берілуге тиіс лицензиялар берілмеген сияқты жағдайлар туындаса, уәкілетті органмен немесе лауазымды тұлғамен арада даулар туындаған кезде қазіргі таңда бұл іс Азаматтық заңмен қаралады. Ол жерде өкінішке қарай судьяның қолы байлаулы. Мұны қалай түсінуге болады. Яғни судья жеке немесе заңды тұлғаға көмектесе алмайды. Оның берген талап- арызынан қателік көріп тұрса да, оған жақтасуға, көмектесуге құқығы жоқ. Енді қолданысқа енетін жаңа заңға сәйкес, судьяның белсенді рөлі болады. Судьяға азаматтың арызы бойынша оның дұрыс-бұрыстығын қарауға, көмектесуге мүмкіндік беріледі. Яғни жаңа заң жеке немесе заңды тұлғаға мемлекеттік органдар мен құзырет берілген ұйымдардың алдында өздерінің құқықтарын қорғауға зор мүмкіндік жасайды», - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар