Былтыр ҚДБ қаржыландырған кәсіпорындар республикалық бюджетке 187 млрд теңге салық төледі

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Былтыр ҚДБ қаржыландырған кәсіпорындар республикалық бюджетке 187 млрд теңге салық төледі
ашық дереккөз

ҚДБ 2015-2019 жж. арналған индустриялық инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының негізгі операторы болып табылады. «Осы бағдарлама бойынша 26 инвестициялық жоба мақұлданды. Атап айтқанда, Ақтөбе рельс-арқалық зауыты, цианисті натрий өндіру зауытын салу, теміржол дөңгелектерін өндіру кешенін құру, Шымкент қаласында трансформаторлар өндіру, Шымкентте метил-трет-бутил эфирін өндіру және т.б. индустриялық жобалар. Индустриялық-инновациялық жобаларды жүзеге асыру кезінде 5,5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды», - деді Д.Әубәкіров. Жалпы, 2015 жылдан бастап Қазақстанның даму банкі экологиялық таза өндіріс орындарын несиелендіріп келеді. Оның ішінде, су электр станциялары, күн және жел электр станцияларының жобалары жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, 2020 жылы Банк қаржыландырған 9 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 1900 астам жаңа жұмыс орны құрылды.