Елімізде жол-көлік оқиғаларының саны 15%-ға азайды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елімізде жол-көлік оқиғаларының саны 15%-ға азайды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112459630787945.webp)
2020 жылдың 12 айында жол-көлік оқиғалары кезінде 741 адам көз жұмып, 3 304 адам жарақат алған. 2019 жылмен салыстырғанда ЖКО 15%-ға (немесе 393 апатқа) төмендеп отыр. Жарақат алғандар 23%-ға (немесе 1 007 адамға), ал көз жұмғандар саны 27%-ға (немесе 278 адамға) азайды. Жыл басынан бері ай сайын жүргізілген талдау апаттың Батыс Қазақстан облысында (4%), сондай-ақ, Қарағанды (8%) және Қызылорда (7%) облыстарында артқанын көрсетеді. Мерт болғандар саны бойынша жағымсыз статистиканың көш басында Павлодар (6%) мен Солтүстік Қазақстан облыстары (42%) тұр. Жарақат алғандар бойынша өсім Қарағанды (18%) және Қостанай облыстарында (6%) байқалады. Мамандар жол-көлік оқиғаларына, бірінші кезекте, жол қозғалысы ережелерінің сақталмауы себеп болатынын алға тартады. Орын алатын апаттардың 37,9% -ы – жылдамдықты асырғаннан болуда.