Өтінім бергеннен кейін зейнетақы жинағындағы қаржы есеп-шотқа қанша күнде түседі
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Өтінім бергеннен кейін зейнетақы жинағындағы қаржы есеп-шотқа қанша күнде түседі](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112463921362149.webp)
ашық дереккөз
«Өтініш екі күн ішінде қарастырылады. Егер мақұлданған жағдайда ол тиісті есеп-шотқа 5 жұмыс күн ішінде түсуі тиіс. Яғни процесс 7 күн ішінде жүргізіледі», – деді ол.
Оның айтуынша, азаматтар ипотека рәсімдеуден бас тартқан жағдайда өтінімді екінші рет 45 күннен кейін ғана бере алады. «Жалпы, азаматтар зейнетақы жинағының бөлігін кез келген жерден, яғни екінші нарықтағы қалалық немесе ауылдық жерлердегі үйлерді сатып алуға жұмсай алады. Егер ипотека арқылы сатып алмақ болған пәтердің қожайыны сізге үйін сатудан бас тартса, зейнетақы қорындағы жинағыңыздан аударылған қаржы 45 күннен кейін қайтадан зейнетақы қорындағы есеп-шотыңызға түседі. Яғни өтінім мақұлданған соң құжат жинауға 45 күн уақыт беріледі. Екінші рет өтінім беру үшін сол себепті де 45 күн күтуіңізге тура келеді», - деді Л.Ибрагимова.
Ұқсас жаңалықтар