Нұрлан Ноғаев Tengizchevroil компаниясының директорымен кездесті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Нұрлан Ноғаев Tengizchevroil компаниясының директорымен кездесті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112467030316368.webp)
Нұрлан Ноғаев Tengizchevroil ЖШС-ның бұрынғы бас директоры Имер Боннерге бірлескен жемісті жұмысы үшін алғысын білдіріп, Кевин Лионның жұмысына сәттілік тіледі. Энергетика министрі өз сөзінде компанияның құрылтай құжаттарына сәйкес болашақта Tengizchevroil ЖШС-ның басшысы болып Қазақстан азаматы тағайындалуы мүмкін екенін атап өтіп, бұл қадам Қазақстан үкіметі мен Chevron компаниясы арасындағы ұзақ және тиімді ынтымақтастықтың тарихына қомақты үлес екенін атап өтті. Тараптар мұнай-газ машина жасауды дамытудың халықаралық орталығын, жергілікті қамтуды дамыту қорын құру және COVID-19 пандемиясының мұнай-газ секторына әсерін талқылады. Энергетика министрі еліміздегі пандемиямен күресте ТШО-ның көрсеткен көмегі үшін ризашылығын білдіріп, Теңіз кен орнында санитариялық қауіпсіздік шараларын күшейту туралы бірқатар тапсырмалар берді.