МӘМС арқылы денсаулық саласына 500 млрд теңге құйылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
МӘМС арқылы денсаулық саласына 500 млрд теңге құйылды
ашық дереккөз

«2020 жыл бәрімізге, әсіресе еліміздің денсаулық сақтау жүйесі үшін қиын болды. Медициналық сақтандыру жүйесін жүзеге асыру кезеңі коронавирус пандемиясымен тұспа-тұс келді. Қордың негізгі міндеті – медициналық ұйымдарды үздіксіз қаржыландыру және КВИ-мен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлерін материалдық қолдау. Қор бұл міндетті толық орындады», - деді Болат Төкежанов.

Ол сөз арасында министрлік тарапынан бірқатар маңызды қадам жасалғанын мәлім етті. Яғни пандемия кезеңінде алғашқы жедел көмек көрсету рөлі күшейді, мобильді бригада құрылды, үйге арналған күндізгі стационарлар ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, ПТР диагностика лабораториясының күші күшейтілді. «Форс-мажорлық жағдайға қарамастан МӘМС-ті жүзеге асырудың алғашқы жылы толық жұмыс істеді. Бұл денсаулық сақтау саласына 500 млрд теңгеден астам қаржы құюға мүмкіндік берді. Осы қаржының арқасында медициналық қызметтің түрі, диагностика, тексерілу артты», - деді ол. Сөзін жалғай отырып, аса ауыр ауру түрлерінің реабилитациясына да көңіл бөлуге мүмкіндік туғанын мәлім етті.