Денсаулық сақтау министрлігі жанынан «Адалдық алаңы» құрылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Денсаулық сақтау министрлігі жанынан «Адалдық алаңы» құрылды
ашық дереккөз

Жобалық кеңсенің басшысы болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тәжірибесі мол, оның ішінде шетелдік «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталық» республикалық қоғамдық бірлестігінің орынбасары Руслан Еслямбекұлы Асылбеков тағайындалды. Жобалық кеңсенің жұмысы жұртшылықпен, сондай-ақ, бизнес-құрылымдармен тығыз байланыста төрт бағытта құрылады: - Бақылау-қадағалау және рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру; - Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және медициналық ұйымдарда қолайлы жағдай жасау; - Халықты және медициналық ұйымдарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету; - Мемлекеттік сатып алулар. Жобалық кеңсе қызметінің негізгі идеологиясы — Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің ашықтығы мен айқындығы. Осыған сәйкес, құрметті ҚР азаматтары, оның аумағында тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, егер сізге медицина қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық фактілері, медициналық көмекті толық немесе сапалы көрсетпеу, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде және медициналық көмек көрсеткені үшін ақшалай қаражат талап ету фактілері және теріс пайдаланудың басқа да фактілері белгілі болса, сіз жобалық кеңсеге 8-777-261-9271 байланыса аласыз немесе 8-717-274-28-02 ватсап нөміріне аудио және бейне жазбаларды дәлел ретінде жібере аласыз.