Кореяда сотталған қазақстандық азаматтар заң жобасы арқылы елге қайтарылмақ
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Кореяда сотталған қазақстандық азаматтар заң жобасы арқылы елге қайтарылмақ](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112468728685342.webp)
Сотталған адамдар мынадай жағдайларда беріледі: - егер соттталған адам еліміздің не Кореяның азаматы болып танылса; - сот үкімі заңды күшіне енген болса; - беру туралы сұрау салу алынған кезде кемінде бір жыл өтейтін мерзімі қалса; - жасаған әрекеті екі жақта да қылмыс болып танылса; - екі мемлекет сотталғанды өзара беруге келіссе. Оның айтуынша, осы талаптар сақталмаса, сотталған адамдар берілмейді. Қазақстанға қайтарылған адам Корея сотының үкімі бойынша өз жазасын өтейді. Егер Қазақстан мен Кореяның заңдары сәйкес болмаса, яғни үйлеспесе, онда сот үкімі еліміздің заңда көзделген жазаға сай келтіріледі. «Алайда жазаның сипаты мен ұзақтығы Корея соты тағайындаған жазадан қатал болмауға тиіс. Бүгінгі таңда Кореяда 25 қазақстандық жазасын өтеп жатыр. Бізде Кореяның бір азаматы жазаға тартылды. Ұсынылып отырған келісімге ратификация жасалған жағдайда бұл азаматтарды елге қайтаруға мүмкіндік туады. Олар елге келіп, әлеуметтік ортасында жазасын өтейді», - деді М. Ахметжанов.