Ұлтық музейде америкалық суретшінің көрмесі өтеді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ұлтық музейде америкалық суретшінің көрмесі өтеді
ашық дереккөз

Ол суреттерін өзінің авторлық «Джарна Кала» стилінде салды. Суретшінің ана тілі – бенгал тілінен аударғанда «Фонтан - өнер», «ішкі әлемнен шығатын өнер»  деген мағына береді. Шри Чинмой – көрнекті гуманист, жазушы, ақын, суретші, композитор және спортшы. Ол Бенгалияда (Индия, қазіргі Бангладеш) 1931 жылы туған. 1964 және 2007 жылдар аралығында Нью-Йоркте өмір сүріп, көптеген елдерге саяхат жасап, концерттерімен, дәрістерімен әлем елдерінде өнер көрсетті. Оның орындауындағы «Джарна-Кала» стилі арнайы дайындалған губкалар мен кисточкалардың ерекше қолдануымен айрықшаланады. Суретші белгілі бір кескіндеме мектебінің ережелеріне бағынуды, бір әдіспен араластыруды дұрыс деп санамайды. Автордың әртүрлі түстерді таңдай білуі, техникалары сонымен қатар қайталанбас стилі адамдардың бойындағы шеберлік қабілетін анықтайды. Сондай-ақ қанық бояулар, өзгермейтін бейнелер көзге массаж ретінде әсер етіп, адамның жүйкесіне тыныштық сыйлайды. Шри Чинмойдың суреттерінің түпнұсқалары тұрақты жәдігер ретінде атақты музейлер мен галереяларда сақталған. Атап айтқанда:

  • Виктория және Альберт музейінде (Лондон, Англия)
  • ЮНЕСКО ғимаратында (Париж, Франция)
  • Пале де Руа Мальоркте (Перпиньян, Франция)
  • Бейнелеу өнері орталығында (Маракайбо, Венесуэла)
  • Агунг-Рай көркемдік музейінде
  • Қазіргі заман тарихы музейінде (Мәскеу, Ресей)
  • Қазіргі заман өнері музейі (Санк-Петербург, Ресей)