Ақтоты Райымқұлова Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айтты
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Ақтоты Райымқұлова Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112490324841193.webp)
ашық дереккөз
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің атынан танымал актер, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Әлімғазы Сұмағұлұлы Райымбековтің қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Әлімғазы Сұмағұлұлы қазақ кинематографиясында өшпес із қалдырған кең пейілді, жаны жайсаң азамат еді. Қазыналы қария лайым перзенттері мен немерелеріне ақ батасын беріп, бастаған əр ісіне асқан мейіріммен қолдау көрсетіп отыратын. Біртуар режиссер Шәкен Аймановтың тамаша көңіл-күй сыйлайтын, қызықты сюжетімен есте қалатын «Тақиялы періште» және өзге де фильмдерде кейіпкерді шебер сомдап, халықтың ыстық ықыласына бөлінді. Өнегелі өмір иесінің асыл бейнесі қазақ халқының көңіл төрі мен жүрек түкпірінде мəңгі сақталады. Марқұмның көзі тірісінде жасаған игі-жақсы амалдары алдынан жарылқасын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Ұрпағымен мың жасасын», - деп жазылған министрдің көңіл айту хатында.
Ұқсас жаңалықтар