Қазақстандық ауыр атлет IWF тарапынан уақытша шеттетілді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандық ауыр атлет IWF тарапынан уақытша шеттетілді
ашық дереккөз

«Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің («WADA») өткен күзде жарияланған IWF-ке жүргізілген тергеу туралы есебінің жалғасы ретінде Халықаралық допингті тестілеу агенттігі (ITA) WADA іс материалдарын («Жебе операциясы») алды және оны қарап шыққаннан кейін үлгі алмасуға байланысты екі спортшының допингке қарсы ережені бұзғанын осы кезеңде жариялауға шешім қабылдады. Думитру Каптари (Румыния) мен Нижат Рахимовқа (Қазақстан) 2016 жылдың ішінде «Несеп анализін ауыстырған» (IWF допингке қарсы ережесінің 2.2-бабы) бойынша допингке қарсы ережені бұзғаны үшін айып тағылып отырғандығы туралы хабарланды. Тиісті мәселелер шешілгенше спортшылар жарыстарға қатысудан уақытша шеттетіледі», - делінген федерация мәлімдемесінде.

Еске салайық, Ұлттық Олимпиадалық комитеті допингті қолдануда нөлдік төзімділіктің қатаң саясатын ұстанады және Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) мен Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) «таза» спортшыларды қорғау жөніндегі бастамаларын толық қолдайтындығын білдіреді.