2020 жылы көпбалалы аналар жәрдемақы түрінде 236 млрд теңгеден астам қаражат алды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
2020 жылы көпбалалы аналар жәрдемақы түрінде 236 млрд теңгеден астам қаражат алды
ашық дереккөз

4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан, осы мемлекеттік жәрдемақыға үміткер бола алады.

2021 жылы төлем мөлшері 46760 мың теңгеден (4 бала) 81852 мың теңгеге (7 бала) дейін балалар санына байланысты сараланды, 8 балаға – 93344 теңге, 9 балаға – 105 012 теңге, 10 балаға – 116 680 теңге, 11 балаға – 128 348 теңге, 12 балаға – 140 016 теңге, 13 балаға – 151 684 теңге, 14 балаға – 163 352 теңге, 15 балаға – 175 020 теңге, 16 балаға – 186 688 теңге.

Еске сала кетейік, Қазақстандағы көпбалалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде қарастырылған табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілді.