«Астана Опера» симфониялық оркестрінің бірінші скрипкасы мәскеулік фестивальге қатысады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«Астана Опера» симфониялық оркестрінің бірінші скрипкасы мәскеулік фестивальге қатысады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112489022429650.webp)
Фестиваль бағдарламасы Дмитрий Шостаковичтің квартеттерінен тұрады. Бородин атындағы квартет осы ұлы композитор шығармаларын дәл әрі үздік орындаушылардың бірі болғанын айта кеткен жөн. Бұдан бөлек, концерттерде квартет ісімен жиырма жылдан астам уақыт бойы айналысып жүрген әртістер өнер көрсетеді – ең алдымен, бұлар Валентин Александровичтің өзі қызмет еткен ұжымдар: «Романтик-квартет», «Моцарт-квартет» және т.б. Фестиваль «Зарядье» залында өтеді (Мәскеу). - Эстрада болсын, концерттік алаң немесе опера театры болсын, кез келген өнер көрсету – музыкант үшін бұл даму сатысы, себебі біз ойнауға, әлем бойынша барлық әріптестерімізбен ынтымақтастықта әрекет етуге тиіспіз, бұл біздің шығармашылық көкжиегімізді кеңейтеді, тұлғалық дамуымызға мүмкіндік береді, жеке жобаларымызды жасауға шабыттандырады, - деп сөзін жалғады «Астана Опера» симфониялық оркестрінің концертмейстері Бағдат Әбілханов. Фестивальдің көркемдік жетекшісі – Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, «Виртуозы Москвы» камералық оркестрінің бірінші скрипкасы әрі солисі Алексей Лундин. Сонымен бірге фестивальге маэстро Владимир Спиваковтың жетекшілігіндегі «Виртуозы Москвы» камералық оркестрі, пианист Шио Окуи (Жапония) және т.б. қатысады. - Меніңше, музыканттың басты мақсаты – орындайтын шығармаларының репертуарын кеңейтіп, көбірек әрі сапалы ойнау. Өз кәсібімде мен көп нәрсені түсіндім, бірақ бәрін орындамадым. Сондай-ақ маған XX ғасырдың ұлы скрипкашысы Яша Хейфецтің: «Егер мен бүгін дайындалмасам, мен оны білемін, егер мен 2 күн дайындалмасам, ол жайлы көршілерім біледі, ал егер 3 күн дайындалмасам, ол жайлы бүкіл әлем біледі» деген сөздері ойыма түседі, сондықтан өз ісін терең түсінуде тоқтап қалмау өте маңызды. Оқу, оқу және тағы да оқу, кімдер күн сайын оқып, үйренсе, кейін солардың білім беретін күні туады, себебі өмірдегі мақсатыңа тек солай ғана қол жеткізуге болады, - деп қорытындылады Бағдат Әбілханов. Әртіс Людвиг ван Бетховеннің барлық сонаталарын орындауды, сондай-ақ биыл 265 жылдығы аталып өтетін Вольфганг Амадей Моцарттың шығармашылығына терең бойлауды жоспарлаған.