Үстел теннисінен Қазақстан чемпионатының қола жүлдегерлері анықталды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Үстел теннисінен Қазақстан чемпионатының қола жүлдегерлері анықталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112487418076656.webp)
Жұптық кезең нәтижесі бойынша үшінші орынға Бекқлан Жамал - Ырысбек Артукметов (Шымкент), Дастан - Айдос Кенжеғұловтар (Орал) жайғасты. Жұптық кезеңнің жартылай финалында ел чемпиондары күтпеген жерден Марат Суртубаев (Қарағанды) - Самат Бейсенов (Алматы) жұбына 2:3 есебімен есе жіберді. Әйелдер арасында Зәуреш Ақашева (Қарағанды) - Сарвиноз Миркадирова (Шымкент), Алсу Сапарова (Орал) - Александра Смирнова (Қарағанды) үшінші орын алды. Былтырғы Қазақстан чемпиондары Зәуреш пен Сарвинозды Ангелина Романовская (Павлодар облысы) - Анель Бақыт (Шымкент) жеңіп кетті. Ал аралас санат бойынша Сағантай Құрмамбаев (ШҚО) - Алина Борисюк (Қостанай), Владислав Захаров - Зәуреш Ақашева (Қарағанды) қола жүлдегер атанды.