Елордада жоғалған жасөспірім табылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада жоғалған жасөспірім табылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112487837058619.webp)
Жасөспірімнің жоғалып кеткендігі туралы кеше волонтерлер Instagram-парақшаларында жария еткен болатын. «Барынша таратыңыздаршы. Сіздің таратқан ақпаратыңыз адамды тауып, біреудің өмірін құтқарып қалуға септігін тигізуі мүмкін. Егер қандай да бір мәліметтеріңіз болса, көрсетілген телефон нөмірлеріне қоңырау шалуларыңызды өтінеміз. Сонымен қатар сіз іздеу іс-шараларына, ақпаратты таратуға қатыса аласыз», - деп өтінген еді жасөспірімді іздеуге кіріскен волонтерлер. Бүгін жасөспірімнің табылғаны белгілі болды. Бұл жайында ақпаратпен волонтерлер бөлісіп, баланы іздеуге атсалысқан барлық жанға ризашылықтарын білдірді. Жарияланған фотода «Табылды. Дін аман» деген қысқа ғана жазба бар. Баланың қайда болғаны жайлы әзірге еш ақпарат жоқ.