Қазақстандық теннисші ITP турнирінің финалында ұтылып қалды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандық теннисші ITP турнирінің финалында ұтылып қалды
ашық дереккөз

Денис Евсеев украиналық Владислав Орловпен бірге финалда аргентиналық теннисшілерге қарсы ойнады. Осы турнирдің 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық-украиналық жұп финалда аргентиналықтар Педро Качин мен Хуан Мануэль Черундоломен кездесті. Аргентиналық жұп 7:5, 6:2 есебімен ұтып кетті. Жарыстың жүлде қоры 15 мың АҚШ доллары болатын.