Димаш Құдайбергеннің онлайн концертін 100 елдегі жанкүйерлері тамашалады
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Димаш Құдайбергеннің онлайн концертін 100 елдегі жанкүйерлері тамашалады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112492526548997.webp)
ашық дереккөз
DIMASH DIGITAL SHOW - Димаштың коронавирус пандемиясы басталған сәттен бергі алғашқы жаһандық өнер көрсетуі болды. Аталған концертке дайындық жүріп жатқаны туралы өткен жылдың желтоқсан айының басында айтылды. Бұл жайында әншінің өзі де әлеуметтік желіде жиі жазып, сүйікті жұлдыздарының өнерін сағынған жанкүйерлер де үнемі мәліметтермен бөлісіп отырды. Көрсетілім ақылы болды. Билет сатудан түскен қаражаттың бір бөлігін ұйымдастырушылар қайырылымдылыққа бермек. «Dears, сіздерге концерт ұнады деп үміттенемін! Жеке өзім және менің тобым сіздердің алған әсерлеріңізді білуге дайын!», - деп жазды Димаш Құдайберген Instagram-парақшасында.
Ұқсас жаңалықтар