Мейрамбек Бесбаев коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мейрамбек Бесбаев коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсті
ашық дереккөз

Бұл ақпаратты «МузАРТ» тобының директоры Ерлан Жүнісбай растады. «Мейрамбекті кеше түсте жедел жәрдем алып кетті. Бірден жансақтау бөліміне түсті. Алдымен пневмония деген, кейін коронавирус анықталды», - деді Ерлан Жүнісбай. Оның айтуынша, қазір әншінің денсаулығы жақсы. «Қазір жағдайы жақсы. Жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды.Телефонмен сөйлесіп отырамыз. Уайымдамаңыздар, жағдайы жақсарды. Онымен кеше кешке сөйлестім. Бұл ауруға өзі сенбегенін айтты. Сондай-ақ ол Қалқамандағы №7 аурухананың дәрігерлеріне алғыс айтқысы келеді. Қазақстандықтар мұның қаншалықты қауіпті екенін түсініп, олардан үйде отыруын және қонаққа бармауын сұрады», - деді «МузАРТ» тобының директоры.