5 жыл ішінде Нұр-Сұлтанда 138 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
5 жыл ішінде Нұр-Сұлтанда 138 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады
ашық дереккөз

Сессия барысында Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айжан Түгелбаева Нұр-Сұлтан қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы туралы айтты. Бағдарлама үш бағыт бойынша қарастырылған. Ол – тұрғындардың әлеуметтік жағдайы мен өмір сүру сапасын арттыру; экологиялық жайлы орта қалыптастырып, елордадағы көлік және тұрғын үй коммуналдық инфрақұрылымын дамыту; бизнес пен технологиялық инновацияны дамыту үшін жайлы орта қалыптастыру. Алғашқы бағыт бойынша алдағы 5 жыл ішінде елордада 138 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Оның 90 мыңға жуығы тұрақты жұмыс орны болмақ. Бұдан бөлек, денсаулық сақтау саласында отбасылық орталық желілері кеңейтіліп, 300 мың адамды қамтитын «Дәрігер үйіңізде» 30-дан жобасын жүзеге асыру көзделіп отырғанын айтты басқарма басшысының міндетін атқарушы.