Былтыр елордада 3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді – әкім
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Былтыр елордада 3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді – әкім](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211249343993636.webp)
ашық дереккөз
«Соның ішінде инфрақұрылымды дамыту және бастысы, әлеуметтік саланы қаржыландыру. Тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету үшін жағдай жасау жалғасуда. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Баспанаға мұқтаж кейбір санаттағы азаматтар, соның ішінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар 7 мың пәтермен қамтамасыз етілді. Әлеуметтік нысандарды салуға ерекше назар аударылуда. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 10 білім беру нысанының құрылысы аяқталды. Нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны 22-ден 14-ке азайды. Жоспарға сәйкес, алдағы 5 жылда тағы 50 мектеп салынуы керек», - деді қала әкімі.
Сонымен қатар елорда әкімі денсаулық сақтау нысаны бойынша екі ірі жобаның жүзеге асыра бастағанын атап өтті. «Бұл – Алматы және Байқоңыр аудандарындағы емханалар құрылысы. Онда аса қажеттілік туындаған болатын. Тұрғындарға жайлы орта құру аясында 150 аула, 60 қоғамдық кеңістік, тұрғын алаптарындағы 23 аула, жалпы, қала аумағының 760 шаршы метрі абаттандырылды. Бұл – үлкен футбол және баскетбол алаңдары, workout аумағы, ойын және балалар алаңдары», — деді Алтай Көлгінов.
Ұқсас жаңалықтар