Қанат Исламның келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қанат Исламның келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
ашық дереккөз

BoxRec таратқан мәлімет бойынша, боксшы алдағы айқасын 20 ақпанда өткізеді. Алайда оның қарсыласы кім болатыны әлі белгісіз. Айта кетсек, Қанат Ислам былтыр 16 қазан күні АҚШ-тың Флорида штаты Плант-Сити қаласында Nelsons Promotion компаниясының кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетуі керек еді. Алайда ол тұста Қанатқа қарсылас табылмаған. Қанат Исламның шаршы алаңға шықпағанына жылдан асып кетті.