Зейнетақы жинақтарын SMS арқылы тексеретін сервис іске қосылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Зейнетақы жинақтарын SMS арқылы тексеретін сервис іске қосылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112498448240094.webp)
Ол үшін cabinet.enpf.kz порталына өтіп, mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS арқылы келіп түсетін бір реттік пароль арқылы авторлану қажет. Бір реттік пароль арқылы авторлану үшін бар-жоғы бірнеше қадам жасау керек: - өзіңіздің ЖСН және ұялы телефон нөміріңізді енгізіңіз; - дербес деректеріңізді жинауға және өңдеуге өз келісіміңізді беріңіз; - «Кодты жіберу» батырмасын басыңыз; - алынған алты таңбалы кодты ұялы телефоннан енгізіңіз. Бұл қосымша сервис салымшылар үшін өте ыңғайлы, себебі, ол жеткіліктілік шегін ЭЦҚ-сыз және БЖЗҚ бөлімшелеріне бармай-ақ білуге мүмкіндік береді. Жаңа сервис мемлекеттік органдар айқындайтын ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі талаптарға толық сәйкес келеді.