Әділет министрлігі: Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттаманы ратификациялау туралы құрал депозитарийге берілді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Әділет министрлігі: Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттаманы ратификациялау туралы құрал депозитарийге берілді
ашық дереккөз

Ратификациялық құжатты халықаралық актінің депозитарийі – Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Бас директоры Д. Тангқа Қазақстан Республикасының Женева қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Ж.С.Айтжанова тапсырды. Кездесу Еуразиялық патенттік ұйымы Еуразиялық патенттік ведомствосының Президенті С. Я. Тлевлесованың қатысуымен өтті. Өнеркәсіптік үлгіге еуразиялық патент беру жөніндегі өңірлік жүйенің жұмыс істеуі ағымдағы жылы басталады. Еуразиялық патент отандық тауар өндірушілер үшін жаңа идеялар мен бірегей бұйымдарға өз құқықтарын қорғау аумағын кеңейтуде жаңа мүмкіндіктер ашады.