Сенат ауыл тұрғындары үшін су тарифтерін төмендететін тетіктерді ұсынды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сенат ауыл тұрғындары үшін су тарифтерін төмендететін тетіктерді ұсынды
ашық дереккөз

Қазір қалаларға қарағанда ауылдарда ауыз су тарифтері жоғары болып отыр. Мұның бір себебі – ауылдардың географиялық шалғайлығы мен халық санының аздығын және тағы басқаны ескергенде су құбыры инфрақұрылымы құрылысының қымбатқа түсуі болып отыр. Қазіргі кезде өңірлердегі судың құнын төмендету үшін бұл шығындардың бір бөлігін мемлекет өз мойнына алуда. «Ауылдық елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету – еліміздің алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Депутаттар бастамашылық жасаған осы заң ауылдық жерлерді сумен жабдықтау мәселелерін шешу жолындағы маңызды қадам екені сөзсіз. Ұсынылып отырған нормалар өңірлерді дамытуға және жергілікті атқарушы органдардың жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал ететіні айқын», - деп атап өтті Мәулен Әшімбаев. Сонымен қатар жаңа тарифтерді бекітудің жаңа тетіктері мақұлданды, енді жергілікті өкілді органдар – мәслихаттарға осындай өкілеттік беріледі. Сондай-ақ, жаңа тарифтерді қабылдай отырып, олар аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын да ескеруі керек. Ең бастысы, ауыл тұрғындарына арналған тариф республика бойынша ең төменгі тарифтен төмен болмауы тиіс, бірақ орташа облыстық деңгейден жоғары болмауы керек. Республика бойынша берілетін ауыз судың бір текше метрі үшін ең төменгі төлем мөлшері 15 теңгені құрайтынын еске саламыз.