Қазақстандық үш боксшы Ұлттар кубогының финалына шықты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандық үш боксшы Ұлттар кубогының финалына шықты
ашық дереккөз

Сербияда әйелдер арасында Ұлттар кубогі" халықаралық бәсекесінің жартылай финалдық кездесулері аяқталды. Жартылай финалдық кездесу нәтижесі бойынша үш қазақстандық боксшы финалға жолдама алды. 60 келіде Римма Волосенко жартылай финалда түркиялық қарсыласын жеңіп, финалға шықты. Ал 81 келіден жоғары салмақта Ләззат Күнгейбаева чехиялық спортшыдан басым түсті. Айта кетерлігі, 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Гүлсая Ержан жеребе нәтижесі бойынша автоматты түрде финалист атанған болатын. 69 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан Валентина Халзова жартылай финалда түркиялық әлем чемпионы Бусеназ Сурменелиге жол беріп, жарыстың қола жүлдесіне ие болды. Бүгін Қазақстан құрамасының спортшылары, атап айтқанда, Арайлым Марат, Дина Жоламан және Владислава Кухта финалдық жолдаманы сарапқа салады.