Қазақстандық боксшылар Кубаға оқу-жаттығу жиынына аттанды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандық боксшылар Кубаға оқу-жаттығу жиынына аттанды
ашық дереккөз

Ұлттық құраманың бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев және құрама жаттықтырушылары Мырзағали Айтжанов, Нұрлан Ақүрпеков, Асқар Еркебаевтың жетекшілігімен 16 боксшы екі апта бойы шеберлік шыңдайды. Бірлескен оқу-жаттығу жиыны Олимпиадаға дайындалу кезеңінің бірі ретінде өткізіледі. Жаттығу жиынына қатысатын спортшылар: Махмуд Сабырхан, Сакен Бибосынов, Ораз Асылқұлов (52 кг); Серік Теміржанов (57 кг); Ертуған Зейнуллиев (63 кг); Саматали Төлтаев (60 кг); Санатали Төлтаев (63 кг); Абылайхан Жүсіпов, Қуан Қуатов (69 кг); Абылхан Аманқұл, Райс Нұрқанат, Ермахан Жақыпбеков (75 кг); Нұрбек Оралбай (81 кг); Айбек Оралбай, Сағындық Тоғамбай (91 кг); Нұрлан Сапарбай (+91 кг).