Клиникалық хаттамаға тек дәлелденген дәрілер ғана енгізілді – Баешева
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
«Клиникалық хаттамаға дәрі-дәрмектер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дәлелденген жүйесі бойынша енгізілді. Осы жерде неліктен шілде, тамыз айларында елде өлім саны көп тіркелді деген заңды сұрақ туындауы мүмкін. Ол кезде логдауннан кейін адамдардың кейбірі ерте, енді бірі ауруы асқынғаннан кейін екі-үш аптаға кеш жүгініп жатты. Сол кезде ауруханалардағы науқастар саны да шектен тыс көбейіп кетті. Бұл жағдай тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде орын алды. Ал өлім себебі дәл сол хаттамаға сәйкес болған жоқ. Тойларды, басқа да шараларды шектеп, санитарлық талаптың күшейтілгенінің арқасында өлім саны азая бастады. Жалпы, талаптың күшейтіліп жатқанын ескерсек, ондай жағдай енді қйталанады деп ойламаймын», – деді ол.
Ұқсас жаңалықтар