Электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесіне кибершабуылдың жолы кесілді - ҚР ҰҚК

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесіне кибершабуылдың жолы кесілді - ҚР ҰҚК
ашық дереккөз

Көрсетілген кибершабуыл салдарынан жалпы сомасы 164 млрд теңгеге 7 901 мемлекеттік сатып алу ауыстырылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, оның ішінде «ЭҚО» АҚ (электрондық қаржы орталығы) жәрдем көрсетуімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде кейіннен артықшылықтар алу мақсатында мемлекеттік Интернет-ресурсқа кибершабуыл жасаған ҚР азаматы анықталды. Тергеп-тексеру және жүргізілген компьютерлік-техникалық сараптама нәтижелері бойынша адамның кінәсі толық дәлелденді, қылмыс жасау құралдары алынды. 2020 жылғы 22 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен сотталушы ҚР ҚК 207-бабының 2-бөлігі 1-тармағы «Ақпараттық жүйенің немесе телекоммуникация желілерінің жұмысын бұзу» бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметпен айналысу құқығынан айырумен 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жазаланды. Үкім заңды күшіне енді.