Жеңіл атлетика: Қазақстан командасы оқу-жаттығу жиынын бастады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жеңіл атлетика: Қазақстан командасы оқу-жаттығу жиынын бастады
ашық дереккөз

12-31 қаңтар аралығында ұлттық құрама спортшылары Өскемен қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жиынның басты мақсаты – 19-21 ақпан күндері «Ольга Рыпакова» атындағы жеңіл атлетика манежінде өтетін Қазақстан біріншілігіне тыңғылықты дайындалу. Сондай-ақ спорттық жүріс пен марафоннан бақ сынайтын құрамадағы алты атлет Қырғызстанда жаттығу жиынына кірісті. Олар көрші елде 31 қаңтарға дейін болмақ.