Елімізде экспорттаған тауарлар бағасы арзандап, импорт қымбаттады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елімізде экспорттаған тауарлар бағасы арзандап, импорт қымбаттады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211274613953843.webp)
Ведомство мәліметінше, 2020 жылғы қарашада қазан аймен салыстырғанда экспорттық жеткізілімдер бағасы темір кендеріне – 9,7, қорғасынға – 5,6, мұнайға 2,9 пайыз төмендеді. Қара металл илегіне – 6,5, мыс кендеріне – 5,3, ферроқорытпаларға – 2, мырышқа 0,2 пайыз жоғарылады. Сонымен қатар бағаның бидайға 0,2 пайыз төмендеуі, олардың жармаларға – 12,9, жүнге – 3,1, күрішке – 1,2, ұнға 0,6 пайыз жоғарылауы тіркелді. «Импортталатын өнімдерден өсімдік майы – 12,3, қант – 2,8, күріш – 2,2, жемістер мен жаңғақтар 1,8 пайызға қымбаттады. Құс еті – 8,3, темекі – 4,6, көкөністер – 3,3, кофе – 1,2, шай 0,2 пайызға арзандады. Баға сүрекке – 1,7, машиналар, жабдықтар және көлiк құралдарына – 1, аяқ киімге 0,5 пайыз жоғарылады. Қағазға – 2,3, былғары шикізатына – 1,1, құрылыс материалдарына – 0,6, текстиль өнімдеріне 0,4 пайыз төмендеді», - деп атап өтеді бюродан.