Студенттердің білім алған мерзімі еңбек өтілі ретінде есептеледі - Аймағамбетов
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Студенттердің білім алған мерзімі еңбек өтілі ретінде есептеледі - Аймағамбетов](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112747625896042.webp)
Енді студенттердің дуалды жүйесі арқылы білім алған мерзімі еңбек өтілі ретінде есептелетін болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо.
"Жуырда Заңға енгізілген жаңа түзетулерде ТжКБ (техникалық және кәсіптік білім) беру деңгейін де қамтығанын айтқан болатынмын. Жаңа өзгерістер туралы толығырақ тарқатып өтейін. Енді студенттердің дуалды жүйесі арқылы білім алған мерзімі еңбек өтілі ретінде есептелетін болады. Бұл колледж түлектерінің жұмысқа айтарлықтай тәжірибемен орналасу мүмкіндігін арттырады. Бекітілген заңнамаға сәйкес уәкілетті органның колледждерде оқу мерзімдерін белгілеуі туралы норма алынып тасталды. Бұған дейін біз әр біліктіліктер бойынша білім алу мерзімдерін қатаң бекітетінбіз. Орташа есеппен алғанда, оқу мерзімі 2 жылдан 3 жыл 10 айға дейін жалғасатын. Енді оқу ұзақтығы нақты білім беру бағдарламасына және қажетті оқу нәтижелеріне байланысты болады", - деп жазды министр.