«Кемеңгер тұлғалардың ұлы аналары» кітабы біртуар перзенттердің аналарына арналады – автор

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Кемеңгер тұлғалардың ұлы аналары» кітабы біртуар перзенттердің аналарына арналады – автор
ашық дереккөз

«Кемеңгер тұлғалардың ұлы аналары» кітабы мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінен басқа, спорт саласынан Мұхамед Әли, Пеле, ғылым саласынан Томас Эдисон сынды түрлі саладан шыққан қайраткерлердің аналарына арналған. Онда тұлғалардың өмірбаяны емес, олардың биік дәрежеге жетуі үшін еңбегі сіңген аналар дәріптеледі», – деді кітаптың авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнертану докторы, профессор Арыстанбек Мұхамедиұлы ОКҚ алаңында өтіп жатқан онлайн брифингте.