Нұртөре Жүсіп «Кемеңгер тұлғалардың ұлы аналары» кітабына пікірін білдірді
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
«Қазақта «Алып анадан туады» деген сөз бар. Арыстанбек Мұхамедиұлының «Кемеңгер тұлғалардың ұлы аналары» атты кітабын бір деммен оқып шықтым. Алып тұлғалардың алып аналарына арналған кітапта қызықты деректер көп екен. Мысалы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының анасы Әлжан ана туралы оқығанда әсерленбеу мүмкін емес. Сол сияқты кітапта Ресей президенті Владимир Путиннің, ғалым Томас Эдисонның, футбол королі Пеленің, бокс саңлағы Мұхамед Әлидің және басқа да әлемдік көрнекті тарихи тұлғалардың аналары туралы жан тебіренерлік дүниелер көп. Қазақстанда Менделеев кестесіндегі барлық элементтер бар деп мақтанамыз. Сол Менделеевтің де анасы туралы осы кітаптан оқуға болады. Осы кітапты оқып шыққан әр адам өзінің анасына, жапы, аналарға деген құрметі еселене түседі деп ойлаймын», – деді ол ОКҚ-да өткен онлайн брифингте.
Ұқсас жаңалықтар