2020 жылы елімізде 15,3 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![2020 жылы елімізде 15,3 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112745225902198.webp)
Жыл қорытындысы бойынша республикада барлығы 140 336 тұрғын үй пайдалануға берілді (оның 41 193 жеке үй), бұл өткен жылмен салыстырғанда сандық өсімі бойынша 21,8% құрады. Өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің өсуі 15 аймақта байқалады: Қарағанды (125,8%), Солтүстік Қазақстан (122,4%), Жамбыл (121,7%), Шығыс Қазақстан (119%), Түркістан (118,6%), Қостанай (113,1%), Павлодар (112,1%), Батыс Қазақстан (109,1%), Ақмола (107,4%), Алматы (106,9%), Ақтөбе (101,8%), Маңғыстау (101,5%) облыстары және Нұр-Сұлтан (172,6%), Шымкент (123,9%) және Алматы (114,2%) қалалары. «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамуының мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй мәселелерін шешу және тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасау бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде, оның мақсаты тұрғын үйдің қол жетімділігі мен жайлылығын арттыру және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту. Бағдарламаны іске асыру жеке инвестицияларды тартуды ынталандырғанын атап өткен жөн. Жыл қорытындысы бойынша 1 теңге мемлекеттік қаражатқа 4 теңге жеке инвестиция тартылды. 2020 жылы тұрғын үй құрылысына шамамен 2 триллион теңгені құрайтын инвестиция тартылып, 2019 жылғы деңгейден 33,6% артты.