Елімізде 1-курс студенттері аралас форматта оқытылады – Дәуленов
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елімізде 1-курс студенттері аралас форматта оқытылады – Дәуленов](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172112749535768098.webp)
ашық дереккөз
«Қазіргі таңда Қазақстандағы 128 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Білім алушылардың контингенті 619 861 адамды құрайды. Өздеріңізге белгілі 2020 жылдың қыркүйек айында COVID-19 пандемиясына байланысты ЖОО-ларда оқыту қашықтан және аралас форматта басталды. Бұл үшін ЖОО-лар қажетті цифрлық инфрақұрылыммен жабдықтау бойынша жұмыс жүргізді. Осы жылдың 18 қаңтары мен 15 ақпаны аралығында көктемгі семестр басталады», - деді ведомство өкілі.
Ол сөзін жалғай отырып, дәстүрлі оқытуға біртіндеп көшу жоспарланып жатқанын атап өтті. «Білім беру сапасын қамтамасыз ету мақсатында қазіргі уақытта біз ЖОО-ларда дәстүрлі оқытуға біртіндеп көшу туралы мәселені пысықтап жатырмыз. ҚР аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы және таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешімі бойынша 1-курс студенттерін бейімді мақсатында оқыту аралас форматта ұйымдастырылатын болады. Яғни дәрістер онлайн форматта, ал семинарлар қолданбалы сипаттағы зертханалық және практикалық сабақтар күндізгі форматта өтеді», - деді Мирас Дәуленов.
Ұқсас жаңалықтар